"Дайенерис". Желіде қазақстандық сәбидің есімі қызу талқыланды

"Дайенерис". Желіде қазақстандық сәбидің есімі қызу талқыланды
Фото: pixabay.com

Twitter-де Алматыда дүниеге келген қыздың туу туралы куәлігі қызу талқыланды. Жаңа туған сәбидің туу туралы куәлігіндегі есімі деген жерде Дайенерис деп жазылып тұр. Желі қолданушылары қызды "Тақтар ойыны" сериалының кейіпкерінің құрметіне қойған деп ойлап қалды. Сондықтан ол қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Life"-ке сілтеме жасап.

Алайда бұл жай ғана қалжың болып шықты. Tengri Life редакциясы қыздың әкесі - Ермекке хабарласты. Ол құжаттың өтірік екенін айтты.

"Бұл жай ғана туыстар мен достарға арналған әзіл болатын. Бұлай қызу талқыланып кетеді деп ойламадым. Егер байқап қарасаңыз, шрифт әртүрлі және тегіс емес", - деді ол. 

Қазақстандық әке қызына шынымен де ерекше есім таңдағанын айтты. Ол қызына Айри деген есім берген. 

Қазақстанда Дайенерис емес, Дейенерис есімді 4 қыз бар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова