- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Даяшы болып жүрген"....
"Даяшы болып жүрген". Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы қыз табылды
Із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы қыз Түркістан облысында табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстағы Созақ аудандық сотына жергілікті тұрғыннан хабар түскен. Ол күндіз қызы үйден шығып, із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан.
Қыздың ата-анасы оны екі күн бойы іздегенімен нәтиже болмаған. Артынша олар полицияға жүгінген.
Нәтижесінде қыз бір тәуліктен кейін табылды. Ол үйінен 400 шақырым жерде, Жетісай қаласында даяшы болып жүрген екен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина