Давид Дегтярев пен Ақмарал Науатбек IV Азия пара ойындарының чемпионы атанды

Давид Дегтярев пен Ақмарал Науатбек IV Азия пара ойындарының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды. 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп бастаған ол 187 келі көтерді.

Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Yang Jinglang 185 келі, ал үшінші орында вьетнамдық спортшы An Nguyen 184 келі көтерді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!