Атырау облыстық полиция департаменті "Hi-Tech"іс-шарасы аясында дауысын өзгертіп, әйел кейпіне еніп, тұрғындарды телеофон арқылы алдайтын күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдікті 1996 жылы дүниеге келген. Ол Krisha.kz парақшасында пәтерді жалға беремін деп жалған хабарлама беру арқылы тұрғындардан алдын ала төлем алып келген. Күдікті дауысын өзгертіп жас қыз немесе әйел адам болып телефон арқылы тұрғындарды оңай алдап отырған. Пәтер жалға алу хабарламасы бойынша 37 жастағы тұрғын "Whatsapp" желісінде хат алмасып, күдіктіге 50 мың теңге аударған. Нәтижесінде, алданып қалған. Тергеу кезінде күдіктінің осындай үш қылмыстық іске қатысы бар болып шықты.
"Аталған дерек бойынша ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды", - делінген хабарламада.
Өңірде жыл басынан бері 20-ға жуық тұрғын осындай жарнамаларға алданып қалған. Осы ретте, атыраулық тәтіп сақшылары әлеуметтік желі арқылы жарияланған ақпараттардың дұрыстығына мән беріп, интернет-алаяқтардың арбауынан сақ болуды ескертеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!