Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан декреттік демалыстан кейін алғаш рет ән айтып, тыңдармандарымен қауышты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Дауысымды сағынған шығарсыздар", - деп жазды әнші "Ойыңды айтшы" деп аталатын жаңа әнді орындап жатқан видеосын жариялап.
Айта кетейік, Ерке Есмахан күйеуі RaiM шығарған жаңа альбомында дуэт орындаған.
"Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі - бір альбом. Әр альбомы, әр трегі ерекше. Бір әнім "хит" болды екен деп, соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, Ол - RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Еске салайық, жақында декреттік демалыста отырған Ерке Есмахан ән айтқысы келмей қалғанын айтып, әзірге сахнаға оралатын ниеті жоғын жеткізіпті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!