Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің алдын ала нәтижелері қашан жарияланатынын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Орталық сайлау комиссиясы бүгін азаматтарды сайлаушылардың келуі туралы ақпараттандыру бойынша өз жұмысын аяқтап жатыр. Дауыс берудің алдын ала нәтижелерін ертең (20 наурыз) шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл іс-шараның нақты уақыты туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Қазақстанда 19 наурызда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.
Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.
19 наурыз 19:00-дегі жағдай бойынша шет елдерде 11 учаскелік сайлау комиссиясы (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл - 41,8 пайыз.
66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!