Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда президент сайлауына алдын ала келу 51,16 пайыз болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан бойынша, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, президент сайлауына 6 миллион 113 мың 621 адам немесе сайлаушылардың 51,16 пайызы қатысты", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина брифингте.
Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында. Аймақта сайлаушылардың 76,61 пайызы дауыс берді.
Ең азы әлі де Алматыда - 24,17 пайыз.
Дауыс беру 20:00-де аяқталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!