Су басқан үйлерден тұрғындар әлі де эвакуацияланып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мексикадағы алапат дауылдан 22 адам қаза тапқанын мәлімдеді The Guardian.
Басылымның ақпаратына сәйкес, Мексиканың оңтүстік-батысындағы Тынық мұхиты жағалауында бір аптадан бері дауыл соғып тұр. Қазірдің өзінде дауылдың кесірінен 22 адам қаза тапқан.
Айта кетейік, қаза тапқан 18 адам Мексиканың ең кедей штаттарының бірі – Геррероның тұрғындары. Жергілікті БАҚ Оахакада үш адам, ал солтүстік Мичоакан штатында бір бала өзенге батып кеткенін хабарлады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!