Қазгидромет 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Жамбыл облысының таулы аудандарына тұман түсіп, солтүстік-шығыстан жел соғады.
Таңертең және күндіз Алматы облысының таулы, тау етегіндегі аудандарында тұман, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с солтүстік-батыс желі күтіледі.
Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз орталығында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады.
"28 қазанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Ал Астана қаласында түнде тұман, көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с дейін барады.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Павлодар облысында да көктайғақ, бұрқасын болып, батыстан жел соғады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!