- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дауыл соғып, бұршақ...
"Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал". Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет 19 тамыздағы ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жариялады, - деп хабарлады Мassaget.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Петропавл қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде тұман түсіп, жер бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батыс бөлігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с болады.
Орал қаласында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.
Жетісу облысының шығысында солтүстіктен жел соғады, күші 20-25, екпіні 28 м/с болады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 17-22 м/с болады. Күндіз 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, үсік жүруі мүмкін.
Г. Досымшалова