Дауыл, аяз және жаңбыр: бүгін ауа райы қандай болады?

28 қарашада Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болып, жылдамдығы секундына 25–28 метрге жететін дауыл тұрады деп күтіледі. Елдің батысында кей жерлерде қар мен жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстікте негізінен жауын-шашынсыз болады, алайда кейбір қалаларда таңертең тұман түседі деп болжанып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар жауып, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, кей кездері секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус аяз.

Алматы – көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең тұман түседі, солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 6-8 градус жылы.

Қонаев – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 6-8 градус жылы.

Қызылорда – көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 3-5 градус жылы.

Талдықорған – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

Тараз – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 7-9 градус жылы.

Түркістан – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.

Шымкент – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде nightmare және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 7-9 градус жылы.

Ақтау – көшпелі бұлт шығады, түнде аздап жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.

Ақтөбе – бұлтты, түнде аздап қар жауады, боран соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз.

Атырау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 1-6 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Орал – көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап қар жауып, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 2-4 градус аяз.

Қарағанды – көшпелі бұлт шығады, қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус аяз.

Жезқазған – көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 градус аяз.

Көкшетау – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар жауады, көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз.

Қостанай – бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз.

Павлодар – бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр, екпіні 25 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аяз.

Петропавл – бұлтты, қар жауады, көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 15-20, екпіні 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз.

Семей – бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, көктайғақ болып, күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус жылы.

Өскемен – бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, көктайғақ болып, күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус жылы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз