"Келінжан" сериалының авторы, журналист, продюсер Гүлнұр Мамасарипова "Мамский әңгіме" бағдарламасында келіндік өмірін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер Гүлнұр Мамасарипова 18 жасында тұрмысқа шыққан.
"Мен әбден еркелеп өскен баламын. Қолымнан аса ештеңе келмейтін. Сонда енем қатты сөйлесе, теріс қарап үндемей қалатынмын. Даусымды шығармай жылайтынмын. Сол кезде даусымды шығарып жылауға ұялатынмын. Сонда енем "неге жылайсың, мен сені үйіме зорлап әкелген жоқпын ғой. Неге күйеуге тидің? Рахаттанып, 30 жасқа дейін жүрмедің ба" деп айтатын. Сол кезде мен жылап тұрып, "оны өзім де біліп тұрмын ғой, не үшін айтасың" деген ішімде реніш тұратын. Кәдімгідей жарамды тырнайтын. Қазір қарасам, ол да бір ширатудың түрі екен ғой. Шынымен бізді оның әке-шешесі де, менің әке-шешем де зорлаған жоқ, ол біздің шешіміміз болды. Бірінші қызымды босанғаннан кейін енеммен бірге 6 ай тұрдым. Келіндік ғұмырымның ең ұзақ мерзімі сол 6 ай болды", - деді продюсер.
Сондай-ақ Гүлнұр Мамасарипова енесінің өте дана адам екенін айта кетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!