Дәурен Сәлімбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Ниязбекұлы Сәлімбаев Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ол бұған дейін Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаментінің директоры болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова