Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Дәурен Қосанов туралы не белгілі?
Ол 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 жылы), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 жылы) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабы әскери академиясын (2013 жылы) бітірген.
Үшарал полкінде жойғыш-ұшқыш, Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі, Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі, Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы болған.
2022 жылғы желтоқсан - 2024 жылғы қыркүйек - Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.
2024 жылғы қыркүйек - 2025 жылғы маусым - қорғаныс министрінің орынбасары - Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.
2025 жылғы 8 маусымда қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова