- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәурен Қосанов жаңа...
Дәурен Қосанов жаңа қызметке тағайындалды
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Дәурен Қосанов – 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген.
1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін бітірді.
Үшарал жауынгерлік полкінде қызметін бастады.
Талдықорғанда "Су-27" эскадрильясын басқарды, Қарағанды авиабазасында штаб бастығы және Шымкент авиабазаларында командир болып қызмет етті. Ұшақтардың бірнеше түрін игерді: "Су-27" истребитель-бомбалаушысы, "Миг-29" майдан истребителі, "Миг-31" ұстаушысы.
2005 жылы Ю.А.Гагарин атындағы әскери-әуе академиясын бітірген.
2013 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді.
2013 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінің Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
2015 жылы авиация генерал-майоры атағы берілді.
2019 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылды. 2019 жылдың қазан айында Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының басшысы болып тағайындалды. 2022 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері Бас штаб бастығының бірінші орынбасары, сол жылдың желтоқсан айынан бастап Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды.
2024 жылы авиация генерал-лейтенанты атағы берілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина