Танымал актер Дәурен Айдарқұлов екі әйелімен де ажырасуына не себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Instagram-парақшасында бөлісті.
"Бірінші әйелімді де, екінші әйелімді де қалай ренжіткенімді білесің бе? Мен достарыммен үнемі түнде бір жерге баратынмын. Маған сол түні сыртқа шықпасам, маңызды нәрседен құр қалатындай көрінетін. Өмірімде ешқашан қайта болмайтын қызықтан қалатындай сезім болды. Мен шынымен маңызды нәрседен айырылдым. Мен отбасымнан айырыла бастадым. Бірақ ол кезде мұны түсінбеген едім. Сондықтан, әрқашан уақытымды, көңілімді достарыма бөліп, оларға қолдау көрсететін едім. Отбасыма да көңіл бөлдім, бірақ пайыз бойынша, шамамен бос уақытымның 80 пайызын достарыма, қалған 20 пайызын ғана отбасыма арнайтынмын", - деді актер.
Желі қолданушылары актерді қолдап, пікір қалдырған.
"Еске салғаныңызға рақмет", "Мұндай ой маған 40-тан асқанда келді", "Мұны түсініп, қабылдау үшін де батыл болу керек", "Ақылы енді кіріп, есін жинап, ақыл айтып отыр ғой", - деп жазған пікір қалдырғандар.
Еске салайық, бұған дейін ол тағы үйленгісі келетінін айтып, мәлімдеме жасаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!