ҚР-ның Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Парламент Мәжілісінде болған заң жобасы аясындағы сұраққа жауап берді:
«Біз блогерлерді отандық БАҚ өкілдерімен бірдей қарастырғымыз келді. Бірақ қоғам бұл талапқа қарсы болды және біз бұл ұсынысты алып тастадық. Меніңше, бұл үлкен мәселе емес. Ең бастысы Қазақстан аумағында тіркелген әлеуметтік желідегі әрбір басылым аталған заң аясында реттеледі (ақпарат және коммуникация заң жобасының өзгерісіне қарай).
Ал әлеуметтік желідегі парақшалар бұл заң бойынша қарастырылмайды. Біз бұл жерде тек қана парақша басшыларымен тікелей байланыста болып, олардың күдік тудыратын ақпараттарын алып тастауларын талап етеміз».
Өз сөзінде министр блогерлердің де қарапайым азамат екенін атап өтті. Кейбір блогерлер отандық БАҚ өкілдеріне қарағанда оқырманы көп орта жасай алса да, оларға мемлекеттік тапсырыс берілмейді.