Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) пробация қызметкерлері депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатты пробациялық бақылауға уақытында тіркемегені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының бастығы Теңізжан Жәнібековтен биыл мамырда бас бостандығынан айырылған Нұрасыл Болаттың неліктен тек 14 тамызда ғана пробациялық бақылауға алынғаны сұралды.
Комитет төрағасы пробация қызметіне сот үкімі түскеннен кейін сотталған ер адам сол күні есепке алынатынын баса айтты.
"Біз бұған дейін бұл дерекке қатысты ресми пікір білдіріп, үкімнің 14 тамызда орындауға қабылданғанын айтқан болатынбыз. Соған қарамастан, бірқатар кінәлі адам процестік заңбұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп жауап берді Теңізжан Жәнібеков.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды. Бұл оқиға туралы заңгер Анна Чернова жазды.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.
Кейін Алматы гарнизонының әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Болат Тұрлыхановқа қатысты видеоға түсініктеме берді.
Алматы гарнизонының Әскери соты Нұрасыл Болатқа қатысты іс бойынша сот актісі оның тіркелген жері бойынша Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесінің департаментіне уақытылы орындау үшін жолданған.
"Астана қаласы Байқоңыр ауданы бойынша Пробация қызметінің хатымен сотталушының мекен-жайы үкімдегі мекен-жаймен сәйкес келмеуіне байланысты материал орындалмай қайтарылған. Сот сотталушының нақты тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді. Себебі оның деректерін сұраған кезде екі қалада орналасқан екі мекенжайы көрсетілген. Қазір іс бойынша сот актісі сотталғанның Алматы және Астана қалаларындағы тұрақты және уақытша тіркеу орындары бойынша пробация қызметіне жіберілді", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!