Дәулет Тұрлыхановтың ұлы пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін қамауға алынуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оның тойда жүрген видеосы жарияланды.
Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын, нақтыласақ, 2023 жылдың 11 ақпанында әскери қызметкер Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын.
Жақында мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың шартты мерзімде жүрген ұлы кезекті рет пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде оның тойда жүргені көрсетілген видео тарады. Салтанатты кеш 11 қазан күні Алматыда болған.
Айта кетейік, бостандығын шектеу тәртібіне сай депутаттың баласына мұндай іс-шараларға баруға шектеу қойылған болатын.
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Нұрасыл Болат пробациялық бақылау талабын бұзғандықтан, оның жазасы бостандығын шектеуден, бостандықтан айыруға ауыстырылуы мүмкін екенін хабарлады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!