Дәулет Бекманов қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Дәулет Бекманов қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Дәулет Бекманов туралы не белгілі?

Ол 1983 жылы дүниеге келген. "Мирас" университетін және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын жеке компанияда инженер болып бастаған. Кейінгі жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" (ҰАТ) АҚ-да, сондай-ақ, Байланыс және ақпарат; Көлік және коммуникациялар; Инвестициялар және даму министрліктерінде қызмет атқарған. 2018-2020 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2020 жылы ақпанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетін басқарды.

2023 жылғы мамырда "Қазпошта" АҚ-ға ауысып, онда мемлекеттік қызметтер жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды.

2025 жылғы шілдеде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басшысы қызметіне кірісті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!