- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дауласқаны ұнамай қалған:...
Дауласқаны ұнамай қалған: әйелін пышақтап өлтірген ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Өзбекстанда әйелін пышақтап өлтірген ер адам 8 жылға түрмеген қамалды. Ер адамға әйелінің өзімен дауласа бастағаны ұнамаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Жизақ облысы Шараф-Рашидов ауданында болған. Басылым мәліметінше, 51 жастағы ер адам ешқандай жерде жұмыс істемеген, үнемі ішімдік ішетін болған. Мұны жұбайы ұнатпаған.
Осындай жанжалдардың бірінде алкогольдің әсерінен ер адам ас үй пышағын алып келіп, жұбайының кеудесіне сұғып алған. Әйел алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін қаруды дәретханаға тастаған. Бірақ жедел қызметкерлер оның болған оқиғаға қатысы бар екенін анықтаған.
Сот ер адамды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова