- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дат ғалымдары 13...
Дат ғалымдары 13 минутта робот жасау жүйесін дайындады
Қарапайым әрекеттерді орындайтын роботтарды құрастыруға сұраныс артып келеді. Ал оған кететін қаржының көлемі аз болса, инновациялық өнімдерді дайындау жылдамдығы да артатыны анық. Осындай бастамамен Даниядағы Копенгаген IT университетінің ғалымдары небәрі бірнеше мотордың көмегімен қарапайым қозғалыстарды жасайтын робот құрастырды.
Айта кетсек, механикалық концептіге ие роботты құрастыруға бар болғаны 13 минут уақытыңыз кетеді. Ол үшін роботтың қызметін анықтап, оған қажет пішінді арнайы аппараттың көмегімен жасау керек. Оған арнайы бағдарлама жасалады.
Роботты жасайтын жүйе өзін өзі дамыту арқылы үдерісті күрделі сипатқа енгізе алады. Әзірге робот қарапайым қозғалыстарды орындайды. Роботтың жасалу жолын төмендегі видеодан көре аласыздар:
Идеяның авторлары бұл жүйені ғарышты игеруде қолдануға болатынын айтады. Мысалы, ғарыштағы жөндеу жұмыстарына арналған көптеген боттардың орнына, қарапайым механизмге ие роботты қолдану тиімдірек болмақ. Қазіргі таңда, IT мамандары жаңа робот идеясын дамыту үшін оған сенсор және камера қосуды ойластырып жатыр.
Ж. Өрісбай