- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәстүрлі әнші
Дәстүрлі әнші 7 сағатта 100 ән орындап, рекорд жаңартқысы келеді
Семейлік дәстүрлі әнші 100 әнді бірден орындап, Гиннестің рекордтар кітабына кіргісі келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы 24.kz-ке берген сұхбатында айтты.
Дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев - Жәнібек Кәрменовтің шәкірті. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің шәкірті жылдар бойы таңды-таңға асырып, қазақ әндерін тоқтамай шырқап жаттыққан.
Қазір мәдениет саласының үздігі дәстүрлі ән өнерінің 5 мектебіне енетін шығармаларды түгел жатқа біледі екен. Әнші Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін ұйымның өкілдеріне арнайы шақырту жіберейін деп жүргенін айтты.
"Ерте кезде Гиннесс рекорды жоқ қой. Ата-бабамыз - таңды атырып, тойдың басында отырып ән айтқан, жыр айтқан ғой. Сондықтан мен ештеңені ойдан шығарған жоқпын. Мақтанатын ештеңем жоқ. Мен қазақтың кезінде ұмытылып қалған дәстүрін жаңғыртамын", - деді Қайрат Қабышев.
Оның айтуынша, 100 әнді орындауға кем дегенде жеті сағат уақыт кетеді, арасында әңгіме-дүкен құрар болса, он сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева