- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дәстүр мен надандықты...
"Дәстүр мен надандықты ажыратайық". Журналист қыз алып қашудың қылмыс екенін айтты
Журналист Әлия Әшім әлеуметтік желідегі парақшасында қыз алып қашудың қылмыс екені Тәуке хан заманынан келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тәуке ханның "Жеті жарғысында" қыз алып қашу адам өлтірумен тең қылмыс болған. Ал оның жазасы - өлім. Ал екі тарап келіссе, қыз алып қашқан тарап 200 жылқы беріп құтылған. Радик Темірғалиев мұны 200 мың долларға теңеді. Неліктен? Себебі қыз - бір рудың абыройы. Оны мүлік секілді жұлып алып кету - сол рудың абыройына түкіру деген сөз. Сол рудың ер-азаматтары, ағалары қол қусырып, күліп отырмаған. Әулетті жойып жіберуге дейін барған. Бұл - дәстүр емес, надандық", - дейді ол видеода.
"Қызды еркінен тыс күйеуге беру ешқашан қазақ дәстүрі болған емес. Дәстүр мен надандықты ажырата алайық. Бұл - қылмыс, адам еркіндігіне қарсы жасалған қылмыс.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек