Желіде көршілеріне шелпек таратып жүрген балалардың видеосы тарады. Көпшілік дәстүрдің қалада да сақталғанына және балалардың әрекетіне тәнті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақтар мерекелерде, сондай-ақ әр бейсенбі немесе жұма сайын көршілеріне, жақын тұратын туыстарына жеті нан таратады. Ал шелпекті алған адам "қабыл болсын" деп айтады. Әлі күнге дейін бұл дәстүрді сақтайтындар бар. Алайда қалалық жерде ол сирек кездеседі.
Әлеуметтік желі қолданушысы балаларының көршілерге шелпек таратып жүрген видеосын жүктеген. Олардың бұл әрекеті көпшілікті тәнті етті.
"Қандай тәрбиелі балалар, керемет", "Маңғыстауда бұл қалыпты нәрсе", "Иіліп сәлем бергенін айтсаңызшы, қандай сүйкімді", "Жарайсыңдар, ниеттеріңіз қабыл болсын", - деп жазды Желі қолданушылары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз