Дастан Сәтбаев жарақатынан кейін “Бернли“ сапындағы алғашқы матчін өткізді

Дастан Сәтбаев жарақатынан кейін “Бернли“ сапындағы алғашқы матчін өткізді
Фото: "Бернли" ФК

Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтбаев "Уотфордқа" қарсы ойында қосалқы құрамнан алаңға шықты. Бұл - қазақстандық футболшының бір айдан аса уақыттан бергі алғашқы ойыны, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 жастағы шабуылшы 74-минутта алаңға шықты, ол кезде есеп 3:0 болып, "Бернли" көш бастап тұрған еді. Flashscore порталы Сәтбаевтың 16 минуттық ойынын "6.8" деп бағалады, Дастан қақпаға бір соққы бағыттап үлгерді.

87-минутта "Бернли" төртінші голын соғып, чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Клуб жеті ұпай жинап, соңғы 24-орыннан 22-сатыға көтерілді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы

Дастан Сәтбаевтың "Бернлидегі" мансабы

Дастан жаңа команда сапында бесінші кездесуін өткізді, бірақ әзірге гол соғып үлгерген жоқ. Сонымен қатар, "Мидлсброға" қарсы кейінгі матчте ол алғаш рет алаңдағы үздік ойыншы деп танылып, лиганың арнайы марапатына ие болды.

Сәтбаевтың осы кездесуде алған жарақаты оның Ұлттар лигасындағы ойындарда ұлттық құрамаға көмектесуіне мүмкіндік бермеді. Ең қымбат футболшысыз ұлттық құрама бірде-бір матчте жеңіске жете алмай, турнир кестесінде соңғы орында тұр.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget