Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Дастан Рыспеков туралы не белгілі?
Ол 1984 жылы дүниеге келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2008 жыл ҚазМЗУ Алматы заң академиясын тәмамдаған. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.
- Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы болып бастады.
- 2007-2011 жылдары - Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің экономикалық саясат және салалық жоспарлау бөлімінің бастығы.
- 2011-2012 жылдары - Алматы қаласы бойынша Тексеріс комиссиясының жоспарлау, есептілік және ақпараттандыру бөлімінің бастығы.
- 2013-2015 жылдары - Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.
- 2015-2016 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің жоспарлау және мониторинг жүргізу секторының меңгерушісі.
- 2016-2018 жылдары - "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры - бас бухгалтері.
- 2018-2019 жылдары - Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.
- 2019-2020 жылдары - "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры.
- 2020-2023 жылдары - Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы.
- 2023-2024 жылдары - Ұлытау облысы әкімінің орынбасары.
- 2024 жылғы наурыздан қазанғы дейін - Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
- 2024 жылғы 9 қазаннан бастап Ұлытау облысының әкімі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!