- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- С дәруменін дәрігердің...
С дәруменін дәрігердің тағайындауынсыз кімдерге қабылдауға болмайды?
Ағзадағы С дәруменінің артық мөлшері атеросклероздың нашарлауына, бүйректе тас түзілуіне және ұрықтың ішілік дамуының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вечерняя Москваға" сілтеме жасап.
С дәрумені ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет болғанымен, оның артық мөлшері бос радикал ретінде әсер етіп, адам тіндерін бұзады.
Сонымен қатар, бұл атеросклероздың нашарлауына және бүйректе тас түзілуіне әкеп соқтырады. Бұдан бөлек, С дәруменінің тым көп мөлшері жүктілік кезінде ұрыққа, ал баланы омырау сүтімен емізу кезінде әйел мен нәрестеге зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан жүкті және бала емізетін анаға С дәруменін өз бетінше қабылдап, ішуге мүлдем болмайды.
Айта кетейік, бұған дейін ағзаға С дәрумені жетіспейтінін қалай білуге болатыны хабарланған болатын.
- Жара жазылып болмайды;
- Тері және шаш проблемалары пайда болады;
- Тіс еті қанайды;
- Буындар ауырады;
- Тырнақ сынғыш бола түседі;
- Мұрын қанай береді;
- Шаршаңқылық сезімі пайда болады;
- Иммунитет әлсіреп кетеді;
- Денеде себепсіз көгерген жерлер пайда болады;
- Сүйектер әлсіз болып кетеді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 10 күні туған адамдар қандай болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә