В, С дәрумендері мен омега-3 қышқылдары бар қоспаларды таңертең және түстен кейін, ал темір мен кальцийді кешке қабылдаған дұрыс. Ал магний ұйықтар алдында жақсы сіңеді. Бұл туралы америкалық диетолог Суман Агарвал мен Вишакха Шивдасани айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Daily Mail" сілтеме жасап.
Сарапшылар дәрумендер мен минералды жиынтық және басқа қоспалардың пайдасын тәуліктің тиісті уақытында қабылдаған кезде барынша арттыруға болатындығын түсіндірді.
Вишакха Шивдасанидің айтуынша, С дәруменін таңертең ішкен пайдалырақ. Өйткені ол ынталандырушы, "қуаттандыратын" әсерге ие. Дәруменді кешкі уақытта қабылдасаңыз, мұндай әсер ұйықтауға кедергі келтіреді, ал күндіз энергия мен өнімділікті арттырады.
В дәрумендерін күннің бірінші жартысында қабылдау ұсынылады. Олар тәбетте жақсартып, өнімділікке ықпал етеді. Омега-3 қышқылдары (балық майы) үшін оңтайлы уақыт - түскі астан кейін. Қоспаны тамақтанған кезде қабылдаған дұрыс, осылай ол сіңіруді жақсартады және қыжыл, кекіру және асқазанның бұзылуы сияқты жағымсыз жанама әсерлерді азайтады.
Темір кешке, кешкі астан бір сағат бұрын, ал магний ұйықтар алдында 15 минут бұрын жақсы сіңеді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ мемлекетiне екi ғасыр бойы тыныштық бермеген кімдер?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!