Дәрі мен капсулалар көк, жасыл, қызыл және сары секілді түрлі-түсті болады. Massaget.kz тілшісі өндірушілер дәріге неліктен бояғыш қосатынын және оның түсі нені білдіретінін анықтап көрді.
Ғалымдар өткізген тәжірибе нәтижелеріне сәйкес, түсі ақ дәрі психологиялық тұрғыдан мазасыздық сезімін, ал түрлі-түсті дәрі оң нәтиже береді деген пікір тудырады. Сондықтан дәрі өндіретін кәсіпорындар маркетингтік себепке байланысты ғана емес, тұтынуышларға ыңғайлы болуы үшін дәріге бояғыш қосады.
Дәріге бояғыш қосылуының себебі:
Жасыру. Дәрі құрамында белсенді заттың түрі көбінесе жағымсыз болады, ал түс оған тартымдылық береді.
Дәрінің ашық/жарқын реңкі брендті тез есте сақтауға көмектеседі, сонымен қатар бәсекелес дәрі-дәрмектен ерекшелейді.
Адамдарға дәрі-дәрмектерді түсіне қарап ажырату оңайырақ, мысалы, дәрігер сізге бірден бірнеше дәріні ішуге тағайындаса.
Капсуланың шығарылу себебі қандай?
Капсула қарапайым дәрі сияқты, тек оның қабы берік. Өнеркәсіпте ащы, қышқыл немесе өткір иісті заттарды осы капсуланың ішіне жасырады. Сондай-ақ, капсула ішекте ериді, бұл дәріге асқазанның қышқыл ортасында ерімей, ішекте сіңуіне көмектеседі.
Айта кетейік, бұған дейін дәрі-дәрмек жақсы сіңуі үшін қай уақытта қабылдаған дұрыс екені хабарланған болатын.
Аш қарынға - таңғы астан 1 сағат не 30 минут бұрын.
Тамақтанар алдында - тамақтанудан 30-60 минут бұрын.
Тамақтану кезінде - тамақтанудан 15 минут бұрын және 30 минуттан кейін.
Тамақтанғаннан кейін - тамақтанғаннан кейін 30-60 минуттан кейін.
Маманның сөзінше, көбінесе аш қарынға немесе тамақтанар алдында холеретикалық препараттарды және асқазанның қышқылдығын төмендететін дәрілерді қабылдау ұсынылады; тамақтану кезінде - ферменттік препараттар, негізінен омега-3, дәрумен, лецитин секілді қоректік заттар; тамақтан кейін - қабынуға қарсы стероид емес препараттар (ҚҚСП), бұл асқазанның шырышты қабығын қорғауға мүмкіндік береді.
Егер дәрі-дәрмекті тамақтану уақытымен байланыстыру туралы нұсқау болмаса, оны кез келген уақытта қабылдауға болады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Отырар-Қаратау және Жетіасар мәдениетінің қандай айырмашылығы бар?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!