- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дариғаны бәсекелесім ретінде...
"Дариғаны бәсекелесім ретінде көрмеймін". Гүлнұр Мамасарипова саундтректің киноға қалай әсер ететінін түсіндірді
Танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова "The DS' Show" жобасына берген сұхбатында Дариға Бадықоваға бәсекелес ретінде қарай алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кинопродюсер Дариға Бадықованың фильмінің танымал болуына саундтрек әсер етті деп санайды.
"Негізі кинода саундтрек маңызын жойды деп ойлағанмын. Бұрын ол басты құралдың бірі еді, кейінгі жылдары оған аса мән берілмейтін үрдіс пайда болды. Содан мен "Жар-жар" фильмі жарыққа шыққан кезде саундтрекке назар аудармадым. Кейіннен "Таптым-ау сені" филмінде Дариға Бадықова ән жазды ғой, ол өте сәтті шықты, оны мойындау керек. Мен жалпы Дариғаны өзіме бәсекелес ретінде қарай алмаймын, біз бәсекелес бола алмаймыз. Бірақ сол саундтректің жақсы шыққаны соншалық бірден халық арасында тарады, көп қаралым жинады. Біздің қоғам махаббатқа зәру ғой негізі, қазақтар өліп бара жатса да бір-біріне "жақсы көремін" деп айтпайды ғой, бізде тіпті фильмнің өзінде "мен сені сүйемін" деп айтудың өзі қиын. Сондықтан Дариға мен Абайдың, жас емес, орта жастағы ер мен әйелдің соншалық бір-біріне сезіммен айтылған әні қоғамға өтіп кетті. Өйткені біздің қоғамға махаббат керек. Саундтрек фильмнің сәтті шығуына үлкен болмаса да, белгілі бір мөлшерде бонус ретінде жүреді. Осыған байланысты фильмге саундтрек керек", - деді продюсер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерi қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә