Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, Өскемен қаласының және Көкпекті ауданының Құрметті азаматы, Дариға Назарбаеваның туған құдасы Тоқан Шайжүнісов сексен жасқа толар шағында дүние салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі altainews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 1944 жылы 16 шілдеде Көкпекті ауылында туған. Еңбек жолын 1963 жылы бастаған Тоқан Жақияұлы отыз жылдан аса уақыт ширегінде құрылыс саласында еңбек еткен.
2000 жылы ол түсті металлургия кәсіпорындарын жобалау жөніндегі еліміздегі жетекші институт – "Казгипроцветмет" президенті болып сайланды.
"Облыстың, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, бірнеше рет "Жылдың қайырымды адамы", "Жыл адамы" сынды атақтарды иеленген. "Құрмет" орденімен марапатталған. Біраз жыл депутат болып елге қызмет етті, билік органдарында да жұмыс істеді. Облыстық зияткерлік спорт түрлері федерациясының негізін қалады және оның президенті болды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау жөніндегі өңірлік экономикалық кеңес мүшесі бола жүріп түрлі бастамаларды жүзеге асырып, көп шаруа тындырды", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!