Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандық дәріханаларда сатылатын "Парацетамол" 7 күннен кейін өлімге әкеледі деген ақпарат тарады. Мұндай препарат Израильде Палестина нарығына тарату үшін жасалған екен. Алайда бұл - фейк, - деп хабарлайды StopFake.kz сайты.
"Назар аударарлық жайт, хабарламада суреті ұсынылған дәрі-дәрмектің қаптамасында өндіруші компанияның атауы көрсетілген - Apex. Бұл парацетамол шығаратын үнді фармацевтикалық компаниясы, бірақ оның қауіптілігі туралы хабарланбаған. Бұл парацетамолдың Израильде өндірілмегенін дәлелдейді, яғни хабарламаның басым бөлігі фейк", - дейді басылым.
"Парацетамол" бес күнде адамды өлтіреді деген ақпарат желіде пандемия басталғалы таралып жатыр. Ол кезде қауіпті дәрі COVID-19 жұқтырған науқастарын емдеу үшін қолданылады деп жазды. Бұл ақпаратты литвалық және украиналық фактчекерлер бірден жоққа шығарды.