Алматы әкімінің орынбасары болып Нұрлан Әбдірахым тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл қызметте денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелеріне жетекшілік етеді.
Бұған дейін Нұрлан Әбдірахым 2023 жылғы сәуірден бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігінде осы қызметті Әсем Нүсіпова атқарған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!