- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дархан Сатыбалды Түркістан...
Дархан Сатыбалды Түркістан облысы әкімі болып тағайындалды
Дархан Сатыбалды Түркістан облысы әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Дархан Сатыбалды 2019 жылдан бері Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елші қызметін атқарды.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берген еді.
Ал 13 шілдеде сот Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановты пара алғаны үшін кінәлі деп танығаны және 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескені белгілі болды.
Сонымен қатар, маусымда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев брифингте Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановтың кінәсі сотта дәлелденсе, отставкаға кететінін айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек