Дархан Сатыбалды өзінің бірінші орынбасарын тағайындады

Дархан Сатыбалды өзінің бірінші орынбасарын тағайындады
Фото: Алматы әкімдігі

Алмасхан Сматлаев Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алмасхан Сматлаев қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігімен келісілген", - деп жазылған хабарламада.

Алмасхан Сматлаев жаңа қызметте көріктендіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, жол мәселелеріне жетекшілік етеді.

Айта кетейік, ол еңбек жолын 2009 жылы бизнестен бастаған. 2025 жылдан бастап Алматы әкімінің орынбасары болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget