Асқар Әмрин Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Асқар Әмрин 13 тамыздан бастап басқа лауазымға ауысуына байланысты Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, Асқар Әмрин 2022 жылғы ақпаннан бастап Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын. Ол сәулет, қала құрылысы, энергетика, сумен жабдықтау, сондай-ақ, экономика салаларын қадағалады.
Еске салайық, бұған дейін Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова