Дархан Сатыбалды ауыс-түйіс жүргізіп жатыр: Алатау ауданына жаңа әкім келді

Данияр Қырықбаев Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Президент әкімшілігі, қалалық мәслихаттың келісімімен тағайындалған.

Данияр Қырықбаев 2024 жылғы сәуірден бастап Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Данияр Қырықбаев туралы не белгілі?

Данияр Батанұлы Қырықбаев 1986 жылы 29 сәуірде Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін және Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы банк секторында бастады. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында, Бас прокуратурада, Парламент Сенаты аппаратында және Жоғарғы сотта қызмет етті. Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы болды.

2019-2021 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалының директоры қызметін атқарды.

2021 жылдан бері Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасын басқарды.

Еске салайық, бұған дейін де Дархан Сатыбалды ауыс-түйіс жүргізді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!