Дархан Мырзабаев өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Үкіметтің қаулысымен Дархан Тілеубердіұлы Мырзабаев өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған Үкіметтің хабарламасында.
Дархан Мырзабаев 1989 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Ұлттық жоғары мұнай және энергия көздері мектебін (Франция), РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетін, Қытай-Еуропа халықаралық бизнес мектебін бітірген.
Бұған дейін Schlumberger Ltd, Amazon EU S.A.R.L. секілді компанияларда жұмыс істеген.
2024 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Инновацияларды дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры болды.
Қазірге дейін Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова