Дархан Жолшыбеков әйелі некесіз баласын қалай қабылдағанын айтты

Дархан Жолшыбеков әйелі некесіз баласын қалай қабылдағанын айтты
Фото: видеодан скриншот

Жақында некесіз туған қызына пәтер мен көлік сыйлаған танымал блогер Дархан Жолшыбеков отбасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Taboo бағдарламасында сөз қозғады. 

"Айшаның анасы әлеуметтік желіні шулатып жатқанда Дариға бәрінен хабардар болды. "Мына қызды шынымен танисың ба?" деп сұрады. Жоқ, танымаймын деп жауаптан жалтарып кеттім. Екеуміз де ол жағдайға мән бермедік", - деді ол әйеліне алғашында өтірік айтқанын мойындап.

Алайда шындық белгілі болғанда әйелі түсіністік танытқанын айтты.

"Соттан қағаз келіп, ДНҚ тапсырғанда бәрі белгілі болды. Дари да: "ДНҚ тапсырасың ба, давай қызық болсын, тапсырып көр" деді. Астанада жүріп тапсырдым. ДНҚ қорытындысын сотқа жетпей-ақ таныс адамдарға өтініш жасап, біліп алдым. Сол кезде менің қызым бар екенін түсіндім. Үйге жеткенше ойланып келдім. "Бұл - сенің көзіңе шөп салу емес, саған дейін болған жағдай. Менің биологиялық қызымның бары рас" дедім. Әйелімнің сол кездегі ішкі сезімін айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ екеуміз де баланың кінәсі жоқ екенін біліп тұрдық", - деді блогер. 

Еске салайық, блогер бұған дейін де некесіз туған қызымен кездесуі туралы айтып берген болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева