Дархан Иманашев "ҚазАвтоЖол" басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды

Дархан Иманашев "ҚазАвтоЖол" басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды
Фото: "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі

Дархан Иманашев "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан Иманашев 1983 жылы Қарағанды обылысында дүниеге келген.

Жол қозғалысы инженері мамандығы бойынша Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және құқықтану мамандығын "Болашақ" Қарағанды актуальді білім институтында тәмәмдаған. Техника ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы Қарағандыда жол шеберінен бастаған. "Қазавтожол" РМК, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде әртүрлі қызметтерді атқарған.

Қарағанды әкімінің орынбасары және жеке бизнесте жұмыс істеген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан