Дархан Ахмедиев қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Дархан Ахмедиев туралы не белгілі?
Ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін үздік бітірген. "Болашақ" стипендиясының иегері (King ' s college London (Cyber security) және Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2012 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ талдаушысы ретінде бастаған. 2013-2015 жылдары Төтенше жағдайлар министрлігінде және ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде сарапшы болып жұмыс істеген. Кейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас сарапшысы лауазымына қабылданды.
2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрон өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары қызметіне кірісті.
2020 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ІТ даму департаментінің директоры болып тағайындалды.
2022 жылғы 15 сәуірде қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова