Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдататын заң жобасын Мәжіліс депутаттары қарай бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайды Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
"Бүгін дәрігерлерді қорғауға арналған маңызды заң жобасын жұмысқа қабылдадық. Онда медицина қызметкерлеріне күш қолданғандарға жазаны қатаңдату ұсынылған. Кейінгі жылдары мұндай жағдай жиілеп кетті: бірі жұмыс орнында соққыға жығылды, енді бірі тіпті жедел жәрдемге келген үйде қорлық көрді. Президент бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, жазда депутаттардың ұсыныстарын қолдайтынын айтып, Үкіметке нақты тапсырма берді. Дәрігер қорғансыз болмауға тиіс!" - деді депутат.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау мәселесіне қатысты Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!