Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс кезінде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен дәрігерлерге төлем жасауды көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жобада медицина қызметкерінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгеннен кейін сақтандыру төлемін ала алатын жағдайлар жеке көрсетілген. Оның жұмыс барысында басқа адамның зорлық-зомбылық әрекеттерінен зардап шеккен кезі туралы сөз болып отыр.
"Жобаның мақсаты - науқастарды, медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлерін сақтандыру мен қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру", - деп жазылған құжатта.
Жоба авторларының пікірінше, жаңа ережелер медицина қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық деңгейде қорғалуын күшейтуге, медициналық қызмет кезінде өміріне, денсаулығына зиян келген жағдайда сақтандыру төлемін қамтамасыз етуге тиіс.
Қоғамдық талқылау 16 қыркүйекке дейін жалғасады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова