Дәрігерлердің жалақысы үш есе өскен: олар орта есеппен қанша теңге алып жүр?

Дәрігерлердің жалақысы үш есе өскен: олар орта есеппен қанша теңге алып жүр?
Фото: Midjourney

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы үш есеге жуық өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, қаржыландыру көлемі ұлғаюы медициналық көмектің қолжетімділігіне тікелей әсер еткен.

"Кейінгі 7 жылда дәрігерлердің орташа жалақысы 159 мың теңгеден 442 мың теңгеге дейін өсті. 1 адамға арналған медициналық шығын 98 мың теңгеден 258 мың теңгеге дейін ұлғайды. Бастапқы деңгейде көрсетілетін қызметтер және консультациялық-диагностикалық қызметтер саны 2,7 есеге ұлғайды", - деді Ақмарал Әлназарова.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда орташа жалақы өсуі мүмкін екені хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget