Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы қастандыққа ұшыраған еді. Оқушы қыздың есін жиғаны белгілі болды. Бұл туралы Астананың денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, 18 жастағы оқушының жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
"Науқас жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімшеге ауыстырылды, оның жағдайы тұрақты, есі дұрыс", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Астанада 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу оқиғасы болған еді. Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратты қалалық полиция басқармасы растады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!