Дәрігерлер науқастың ішегінен 120 сантиметрлік құрт алды

Дәрігерлер науқастың ішегінен 120 сантиметрлік құрт алды
Фото: vmeda.org

Уфадағы ауруханада хирургтар науқастың ішегінен ұзындығы 120 сантиметр болатын паразитті алып тастады. Бұл туралы Башқұртстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Айрат Рахматуллин ВКонтакте желісіндегі парақшасында хабарлады.

Ер адамның денесінде бірнеше жылдан бері бұқа таспа құрт өсіп келген. Науқас 58 жаста, стационарға ішінің қатты ауруына, жүрек айнуына, құсуға және басқа да ауру белгілерге шағымданып түскен.

Іш қуысында диагностикалық лапароскопия кезінде хирургтар іріңнің көп мөлшерін анықтады, соның салдарынан іш қуысына ота жасау туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер жіңішке ішекте ірің ағатын тесік пен таспа құрттың құйрығын тапқан.

Паразит жойылды, онымен бірге ішектің 20 сантиметрі алынып тасталды. Қазіргі уақытта науқас паразиттерге қарсы терапиядан өтіп жатыр.

© vk.com/dr.arakhmatullin

Башқұртстанның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы адамның ішегінде құрттың пайда болуына қуырылған шошқа еті немесе шала қуырылған сиыр етінен жасалған стейктері себеп болуы мүмкін екенін еске салды.

"Олардың ішіндегі ең қауіптісі шошқа еті мен ірі қараның шала қуырылған етіндегі болатын құрттар. Бұл паразиттер ұзындығы 14 метрге жетіп, адамда 10-15 жыл өмір сүріп, қауіпті ауру туғызады. Ауырып қалмас үшін оны жақсылап қайнатып, қуырып жеу керек, - деп кеңес берді дәрігер.

Айта кетейік, қазақстандық дәрігерлер қыздың миынынан алып құрт алғанын жазған болатынбыз.

Т. Раушанұлы