Медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова ADAL Adam Youtube арнасына берген сұхбатында дәрігерлер науқастың жағдайына емес, жоғарыдан берілген жоспардың ыңғайына қарап жұмыс істейтінін ашық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл жерде дәрігерлердің кінәсі жоқ. Олардың қолы кесілген. Дәрігерлерге қандай жоспар берілді, жалақы алып отырған сол жоспар бойынша жұмыс істейді. Яғни "линейная шкала" ауруханаларға, емханаларға ақша берудің жүйесі. Медсақтандыру бойынша бір емделгеннен кейін екінші рет емделе алмайды, ауруханаға жата алмайды, қанша ауырып тұрса да. Ол адам бір емес, бірнеше рет ауыруы мүмкін ғой. Сосын тентіреп жеке клиникаларға барады. Сандалып жүрген халық та, дәрігерлер де кінәлі емес бұған, оған кінәлі – жүйе, "линейная шкала". Қайтадан қарау керек оны", - деді дәрігер.
Оның айтуынша, бүгінде медсақтандыруға (МӘМС) да дәрігерлердің өздерінің көңілі толмайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!