Қазақстанда 2027 жылдан бастап емханалардағы бірқатар медицина қызметкеріне еңбек өтіліне қарай қосымша ақы төлеу ұсынылды. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті қаулы жобасын әзірледі, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Құжатқа сәйкес, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында үздіксіз жұмыс істеген дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне мынадай үстемеақы белгіленуі мүмкін:
Бұл төлем учаскелік терапевтерге, педиатрларға, жалпы практика дәрігерлеріне, фельдшерлерге, акушерлерге, сондай-ақ учаскелік, патронаждық және мектеп медбикелеріне қарастырылған.
Мысалы, қызметкердің лауазымдық жалақысы 200 мың теңге болса, бес жылдан астам еңбек өтілі үшін оған ай сайын 100 мың теңге қосымша төленуі мүмкін.
Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге үстемеақыны еңбек өтіліне емес, психоэмоциялық және физикалық жүктемеге қарай есептеу ұсынылған.
Халықпен тікелей жұмыс істейтін:
Алайда базалық лауазымдық жалақы қызметкердің нақты лауазымдық жалақысынан бөлек есептік көрсеткіш саналады. Сондықтан бұл өзгеріс олардың жалпы табысы бірден үш немесе төрт есе өседі дегенді білдірмейді.
Жаңа төлемдер емханалардағы кадр тапшылығын азайтып, мамандарды жұмыс орнында ұстап қалуға бағытталған.
Қаулы жобасы 19 қарашада "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 7 желтоқсанға дейін жалғасады. Құжат әзірге қабылданған жоқ.
Қалалардағы учаскелік медицина қызметкерлерінің де жалақысын көтеру жоспарланып отыр.
Министрліктің есептеуінше, еңбек өтілі максималды деңгейдегі жалпы практика дәрігері қазіргі 425 мыңның орнына 607 мың теңгеге дейін ала алады. Осындай өтілі бар орта медицина қызметкерінің жалақысы 224 мыңнан 318 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін.
Еңбек өтілі аз мамандар үшін де қосымша төлемдер қарастырылған. Жалпы практикалық дәрігер 307 мыңның орнына 358 мың теңгеге дейін алса, орта медициналық персоналдың жалақысы 173 мыңнан 202 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін.
АМСК учаскелік қызметінің медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ учаскелік қызмет психологтары мен әлеуметтік қызметкерлеріне жалақы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап көтеріледі деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырған болатын. Өзгеріс 77 мыңнан астам маманды қамтуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!