Дәрігерлер күйеуі пышақтап тастаған жүкті әйелдің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жағдайы тұрақты ауыр. Жүктілік кезеңге ешқандай қауіп жоқ. Жедел дәрігерлік араласу қажет емес. Есін біледі, ем қабылдап жатыр", - дейді дәрігерлер.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастағаны хабарланды.
Артынша жәбірленуші жүкті болғаны белгілі болды.
Маңғыстауда жұрттың көзінше жұбайын пышақтап тастаған ер адамды ұстауға қатысқан құқық қорғау органдарына қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, қазір ер адамды ұстаған полиция қызметкерлері арасында тексеріс жүргізіліп жатыр.
"Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!